Интернет-бейнетелефония үшін операторлық кластағы инновациялық бағдарламалық тұғырнаманыәзірлеуші мен жеткізушіSpirit DSP Ресей компаниясы, қазақстандық ірі оператор АҚ «Қазақтелеком» өзінің мемлекеттік және корпоративтік клиенттеріне көпнүктелі веб-бейнеконференциялар сервисін меншікті брендіменұсыну үшін Spirit бағдарламалық өнім базасында «БейнеКөпір» БКБ сервисінөрістеткендігі туралы жариялады. АҚ «Қазақтелеком» өзінің 4 млн абонентіне телекоммуникация қызметтерінің кең спектрін ұсынады және ТМД-ғы ең тез өркендеушікомпаниялардың бірі болып табылады. «БейнеКөпір» сервисімен «Қазақтелекомның» бірінші клиенті Қазақстанның салық комитеті болды.

Инфрақұрылымның ауқымды жаңаруы, жаңа сервистерді енгізу, сондай-ақ ірі мемлекеттік тапсырыс – бүкіл ел аумағында ақпараттық супермагистраль және NGN-қалааралық байланыс желісінқұрумен жұмыс жасау арқасында – «Қазақтелеком» Қазақстанда телекоммуникацияларды дамытуда маңыздынәтижелерге жете алды.

АҚ «Қазақтелеком» – клиенттерге мұндай бейнеконференциялар сияқты жаңа талап етілетін телекоммуникациялық сервистерді ұсыну қаншалықты маңызды екенін түсінетін компания. Софт-БКБсервисі байланыс операторына жылдам пайда табу, клиенттерге қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды төмендету, Skype, Google, Webex және Microsoft-қа қарағанда өзінің клиенттік базасынсақтау мен өзіндік құны төмен КЖҚқызметін сату кезінде оператордың брендінебар абоненттердіңадалдығынарттыру мүмкіндігін береді,– депSpirit басқармасының төрағасыАндрей Свириденкоайтады. – «БейнеКөпір» бағдарламалық өнімі «Қазақтелекомға» өзінің бейнеконференциялар сервисін жылдам өрістету және оны өзінің бренді және өзінің биллинг жүйесімен қолдану мүмкіндігін берді».

«БейнеКөпір» – байланыс операторлары және SaaS-провайдерлерімен ВКС-сервистерді меншікті брендімен құруға арналған көпнүктелі бейнеконференцияларды интернет арқылы өткізу үшін бағдарламалық өнім. «БейнеКөпір» Spirit бейнеқозғалтқышы базасында құрылған. БЖжоғары дауыс пен бейнекескінсапасына кепіл бере отырып, H.264SVC ауқымдыкодек және кеңжолақты Spirit IP-MRTM (IETF RFC 6262) дауыс кодекін қолданады. Бейне 30 fps HD 720p дейін кескінсапасын қамтамасыз ете отырып, 512 Кб/с-тан қосылу жылдамдығымен жақсы жүреді. Өнім байланыс операторының БКБ аппаратты инфрақұрылымына жұмсалатын шығындарды он есетөмендете отырып, бір серверде құны 4 мың $ бір уақыттағы1000бейнеарнаға қолдау көрсетеді. БКБ сеанстарының қатысушыларына тіркеу, қымбат тұратын жабдық немесе арнайы сөйлесу бөлмесі талап етілмейді. «БейнеКөпірдің» көмегімен бейнеконференция өткізу үшін бар болғаны керегі– бұлДК немесе iPad, интернет-қосылыс және веб-камера.

http://www.cnews.ru/